«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттың 8-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Көкшетау қ. «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Ақмола филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № КZ.И.03.1810 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылдың 28 қарашадан бастап 2022 жылдың 13 қаңтарға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.