Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 2021 жылғы 10 қарашадағы № 3а/380 қаулысының негізінде және Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаменті «Иртыш-Стандарт» ЖШС ғылыми-практикалық сараптама және сертификаттау орталығы сынақ орталығының 2019 жылғы 24 қазандағы №KZ.Т.14.0472 аккредиттеу аттестатын қолданысынан айыру туралы мәліметтер аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін және тиісті ақпаратты ресми веб-сайтқа орналастырсын.
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті аккредиттеу субъектісін хабардар ете отырып, аккредиттеуден кейінгі шартты бұзсын
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді