Аккредиттеу аттестаттарының
қолданысын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы РММ сынақ зертханасының 2017 жылдың
29 желтоқсандағы № KZ.T.01.1997 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы РММ өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2018 жылдың 27 желтоқсандағы № KZ.О.01.0768 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «HSE consulting group» ЖШС парниктік газдарғы валидациялау және верификациялау жөніндегі органының 2020 жылдың 18 қарашадағы № KZ.V.05.2392 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. «Изыскатель-KZ» ЖШС сынақ зертханасының 2017 жылдың
23 қарашадағы № KZ.T.05.1972 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
5. «Аймақтық Диагностикалық Орталығы» ЖШС клиникалық-диагностикалық зертханасының 2017 жылдың 28 шілдедегі
№ KZ.M.02.1915 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
6. «Уранқуат» ЖШС электрлік шамаларды өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханасының 2018 жылдың 28 ақпандағы
№ KZ.Р.12.2040 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
7. «ВОСТОК-ГИИЗ» фирмасы ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылдың 28 мамырдағы № KZ.Т.14.0241 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
8. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
5. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1 - 7 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас директордың міндетін атқарушы Е. Базарбаев