Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сəйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сəйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «АЗА» ЖШС Жол-құрылыс зертханасының 2017 жылдың 13 маусымдағы № KZ.T.14.1891 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық бөлімшесінің сынақ орталығының 2018 жылдың 10 сəуірдегі № KZ.Т.07.2054 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Алтай аудандық бөлімшесінің сынақ орталығының 2018 жылдың 10 сəуірдегі № KZ.Т.07.2055 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. Құқықтық жəне əкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1 - 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
5. Мониторингтеу жəне талдау департаменті сəйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін жəне оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас директордың міндетін атқарушы Е. Базарбаев