Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 27 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 57 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапасы мен біліктілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Medical Partners Korea Qazaqstan (Медикал партнерс Корея Казахстан)» ЖШС медициналық зертханасы, Алматы қ. субъектісі аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары және зертханалары аккредиттелсін:
«KazExpressLab» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы облысы;
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Өскемен қаласы;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК кешенді экологиялық зерттеулер орталығы, Алматы қаласы;
«Эдельвейс Транс» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Шам-Шырақ» оқу-өндірістік орталығы» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қаласы;
«ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ өндірістік сынақ зертханасы, Ақтау қаласы;
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ орталық зауыт зертханасы,
Нұр-сұлтан қ.;
«Инженерлік ізденістер» ЖШС сынақ зертханасы, г. Шымкент;
«Интеринж-Алматы» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы;
«ЦеЛСИМ» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы.
2.2. «Катко» «Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС метрология бөлімінің калибрлеу зертханасы, Түркістан облысы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«ҚМГ Инжиниринг» «КазНИПИмунайгаз» ЖШС филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы, Ақтау қаласы;
«Standard» Пробирная оценочная палата» ЖШС сынақ зертханасы Шымкент қ.;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының медициналық зертханасы, Алматы қаласы.
3.2 Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының біліктілікті тексеру провайдері, Қызылорда қаласы
3.3. Мекен-жайының өзгеруіне байланысты «Лотте Рахат» ЖШС тексеру зертханасы, Алматы қаласы;
3.4. Сынақ зертханасының атуының өзгеруіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалының сынақ зертханасы атауын, Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Ақтөбе қаласы.
3.5. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының жаңа нұсқасына және мекен-жайының атауы өзгеруіне байланысты «Жігермұнайсервис» ЖШС бұзбайтын бақылау зертханасы (дефектоскопия цехы), Атырау қаласы.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттық аккредиттеу орталығы) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттық аккредиттеу орталығының талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.