«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап
2021 жылғы 11 наурызға дейін ұзартылсын;
Тараз қаласы, «КЭСО ОТАН» ЖШС-ның ЖФ сынақ зертханасының KZ.И.08.1065 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қаласы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалының Алматы қаласы бойынша «Сот сараптамалары Институтының» сынақ зертханасының KZ.T.02.1677 аккредиттеу аттестаты;
Атырау қаласы, «Real way» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.И.06.1044 аккредиттеу аттестаты;
Ақсай қаласы, «Батыс өндіріс-кұрылыс сервисі» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.T.09.1005 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар қаласы, «Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.T.14.1674 аккредиттеу аттестаты;
Қызылорда қаласы, «Цитрин» ЖШС-ның мобильді сынақ зертханасының KZ.T.12.1028 аккредиттеу аттестаты;
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.14.0908 аккредиттеу аттестаты;
Рудный қаласы, «Стандарт-2030» салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.11.1679 аккредиттеу аттестаты;
«Интергаз Орталық Азия» «Тараз» филиалының «Магистральдық газ құбырлары басқармасы» АҚ-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.08.0819 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.