«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Эталон» Шымкент зауыты» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.П.16.1016 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 24 наурызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды бас директордың орынбасары Е. Мухтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.