Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы желтоқсан айының 14 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 105 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектілері аккредиттелсін:
Шымкент қ., Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ң диагностикалық зертханасы (орталығы);
Шымкен қ., Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық диагностикалық Орталығы» ШЭҚ МКК-ң орталықтандырылған медициналық зертханасы;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Орал қ., «Industrial Expert» Инженерлік-техникалық орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы
Нұр-Сұлтан қ., «ВИГА плюс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ-ң Жамбыл облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі - Қордай аудандық ветеринариялық зертханасы;
Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Қызылорда облысы бойынша филиалының қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасы;
Ақтөбе қ., «West Prom Engineering» ЖШС-ң бұзбай бақылау сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ORGANIC» мұнай өнімдерін сынайтын тәуелсіз орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Алматы қ., «Казэкоанализ» ЖШС-ң аналитикалық зертханасы;
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Өскемен қ., «Узень» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Екібастұз қ., «Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Түркістан облысы, Арыс қ., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (орталығы);
Өскемен қ., «Узень» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Атырау қ., «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ң санитарлық өнеркәсіптік сынақ зертханасы
Алматы қ., «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ-ң Экология және физика-химиялық талдау мен әдістері зертханасы;
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Ресей Федерациясы, Подольск қ., «Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» Жария акционерлік қоғамының бұзбай әдістерді бақылау орталық зертханасы атауы Ресей Федерациясы, Подольск қ., «Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» Акционерлік қоғамының бұзбай әдістерді бақылау орталық зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Ресей Федерациясы, Подольск қ., «Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» Жария акционерлік қоғамының көзбен шолу және өлшемдік бақылау зертханасы атауы Ресей Федерациясы, Подольск қ., «Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» Акционерлік қоғамының көзбен шолу және өлшемдік бақылау зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Ресей Федерациясы, Подольск қ., «Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» Жария акционерлік қоғамының материалдарды зертханалық сынау орталығының сынақ орталығы атауы Ресей Федерациясы, Подольск қ., «Машиностроительный завод «ЗиО-Подольск» Акционерлік қоғамының материалдарды зертханалық сынау орталығының сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты.
6. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.