Алматы қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының филиалының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР, «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» 014/2011 КО ТР, құрылыс, металлургия өнімдері бойынша бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы желтоқсан айының 14 күнгі № 107-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның филиалының 1-қосымшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын 2019 жылдың тамыз айының 5 күні берілген KZ.О.13.0193 аккредиттеу аттестатының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР, Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» 014/2011 КО ТР, құрылыс, металлургия өнімдері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.