Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы желтоқсан айының 14 күнгі № 107-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Өскемен қ., «ECO AIR» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2016 жылдың қантар айының 8 күні берілген KZ.И.07.1077 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығарындылары» өнімдер бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.