Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы желтоқсан айының 21 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 109 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің қайта ұйымдастыруына байланысты:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК-ң біліктілікті тексеру провайдері атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң біліктілікті тексеру провайдері атауына өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК-ң өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызметі атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызметі атауына өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК-ң салыстырып тексеру зертханасы атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң салыстырып тексеру зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК-ң калибрлеу зертханасы атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң калибрлеу зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
1.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Жезқазған қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң Кен-байыту кешені қоршаған ортаны қорғау бөлімінің шаң-газ зерханасы атауы Жезқазған қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң филиалы – «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің шаң-газ зерханасы атауына өзгеруіне байланысты;
1.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.