Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы желтоқсан айының 21 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 108 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Петропавл қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
Ақтөбе қ., «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ң орталық инженерлік-технологиялық қызметінің сынақ зертханасы;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Павлодар қ., «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» РММ-ң зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
2.2 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Алматы қ., Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігі Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК-ң кешенді экологиялық зерттеу орталығы;
Алматы қ., «КазЭнергоЭксперт» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «Учебный центр «Охрана труда и Промбезопасность»
ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ң «Су метрология» филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Тараз қ., «Қамқор Локомотив» ЖШС-ң «Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Геостройизыскания» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
Семей қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы;
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зырян аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
Алматы қ., «Эдельвейс Транс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қызылорда облысы, «Қамқор Вагон» ЖШС-ң «Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау цехінің сынақ зертханасы;
Түркістан облысы, Кентау қ., «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақта көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.