«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 2020 жылғы 20 шілдеден 2 тамызға дейін және 3 тамыздан 17 тамызға дейін ұзарту туралы шешім, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инженерлік метрология орталығы» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № KZ.P.12.1015 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2021 жылдың 18 қаңтардан бастап 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мухтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.