Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2022 жылғы желтоқсан айының 01 күнгі № 16-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «ҒЗО Алматы – Стандарт» ЖШС өнімінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2021 жылдың 17 тамызында берілген № KZ.O.02.E0401 «Ағаш өңдеу тауарлары, жиһаз өнімдері» деген 5-бөлімде көрсетілген объектілер бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.