«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мониторингтеу және талдау департаментіне Талдықорған филиалының АҚ «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» сынақ орталығының 2019 жылғы 04 қарашадағы № KZ.T.04.0544 аккредиттеу аттестаты 2023 жылдың 04 маусымыға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК -ң веб-сайтына орналастырсын.
2.Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
4.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.