Редакциялық түзету енгізу қажеттілігіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
«Аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы» 06.12.2022 жылғы № 1594-ОД бұйрығының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1. Мониторинг және талдау департаменті «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының сынақ орталығының 2019 жылғы 04 қарашадағы № KZ.T.04.0544 аккредиттеу аттестатының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 бөлігінде қолданылуын 2023 жылғы 04 маусымға дейін тоқтата тұру туралы ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.