Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 07 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 739, №740, №741 және №742 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «МЫРЗА-ХАН»
ЖШС-ң Ақмола филиалының «ОЛИМП» медициналық зертханасы / клиникалық-диагностикалық зертханасы, Көкшетау қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы KONSULTANT» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
2) «KEGOC» «Батыс жүйеаралық электр желілері» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)» АҚ филиалының метрология және өлшеу жүйелері қызметі салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
3) «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Батыс ескен учаскесі;
4) «Sapa-Трэйд ПВ» ЖШС-ң сынақ орталығы, Павлодар қ.;
5) «КаспГео» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
6) «Қазақтелеком» АҚ филиалының «желі дивизионы» бірлестігінің салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
7) «YAGA» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «AccuTest» ЖШС-ң сынақ орталығына, Ақтау қ.;
2) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.;
3) «Estate & Law» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ.;
4. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Тараз қаласындағы «VID SPB» ЖШС сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Атауының өзгеруіне байланысты Астана қаласындағы «Geodelo» ЖШС сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
6. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Азиялық экологиялық-аудиторлық компания» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
2) «Kazakhmys Energy» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы (Қазақмыс энергиясы), Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті;
3) «СКД-7» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.