«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 20 желтоқсаннан 2023 жылғы 20 наурызға дейін ұзартылсын:
1) Атырау обл., «Құлсарыгаз» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.06.1308 аккредиттеу аттестаты;
2) Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау жəне метрология институты» ШЖҚ РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.02.1338 аккредиттеу аттестаты;
3) Шымкент қаласындағы «КДЛ ОЛИМП» ЖШС филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының № KZ.M.16.1983 аккредиттеу аттестаты;
4) Астана қ., «Nomad Eco» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.01.1981 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.