«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне Манғыстау филиалының АҚ «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» сынақ орталығының 2021 жылғы 26 қантардағы № KZ.T.13.1037 аккредиттеу аттестаты «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 бөлігінде қолданылуын 2023 жылдың 19 маусымыға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК -ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 бөлігінде қолданылуын тоқтата тұру туралы, аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.