Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 15 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 756 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Аква лаб» ЖШС-ң медициналық зертханасы, Алматы қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013. «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар біліктілікті тексеру провайдері», талаптарына сәйкес Астана филиалының біліктілігін тексеру провайдері «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ, Нұр-сұлтан қ. аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» ЖШС-ң инспекциялық органы Алматы-Стандарт», Алматы қ. аккредиттелсін.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Ақтау қ.;
2) «Компания Мега Сервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3) «AsiaStroy KZ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Қызылорда қ.;
4) «It-CERT» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.
5) «Flashconstructiondiagnostics /ФлешКонстракшнДиагностикс» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.
5. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Метролог-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
2) «Жаңа ғасыр 2030» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Астана қ.;
3) «Теміржол көлігіндегі Қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығы, Екібастұз қ.;
4) «Энергомера-І» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
5) «ҚЭСО Отан» ЖШС Жамбыл филиалының сынақ зертханасы, Тараз қ.;
6) «М.НДТГруп» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон.
6. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ң сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
2) «АДС САПА» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.
7. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін :
1) «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ тексеру зертханасының «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар» зертханасы, Алматы қ.;
2) «Интегро сарапшы Қазақстан» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
8. Атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Степногор подшипник зауыты» АҚ-ң калибрлеу зертханасы, Степногорск қ.;
2) «Степногор подшипник зауыты» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Степногорск қ.;
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.
9. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты «Береке А» Корпорациясы» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Шымкент қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
10. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
11. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
13. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.