Алматы қ. «Дортранс «жол-көлік проблемалары Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС сынақ зертханасының «Асфальтбетон қоспалары, асфальтбетон», «Қиыршық тас - мастикалық асфальтбетон» өнімдері (сынақ объектілері) бөлігі бойынша аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 23 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 35-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Дортранс «жол-көлік проблемалары Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС сынақ зертханасының 09.08.2019 жылы берілген № KZ.T.02.0352 «Асфальтбетон қоспалары, асфальтбетон», «Қиыршық тас - мастикалық асфальтбетон» өнімдері (сынақ объектілері) бөлігі бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.