Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 22 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 770 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетіноргандардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «KAZAUTOCERT» ЖШС-ң инспекциялық органы, Алматы қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Каз Коммерц Строй» ЖШС-ң электротехникалық зертханасы / сынақ зертханасы, Тараз қ.;
2) «Format Mach Company» Инжиниринг - маркетингтік компания ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
3) «ПромЛаборатория» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
4) «Қазфосфат» ЖШС-ң ЖФ «Ауа қызметі» сынақ зертханасы (ҚДФЗ), Тараз қ.;
5) «Промказконтроль» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
6) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ Enu - Lab ғылыми-өндірістік орталығының сынақ зертханасы, Астана қ.;
7) «Machinery test QZ» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
8) «KST-2012 диагностикасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
9) «Аспан-Energy» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
10) «Жігермұнайсервис» ЖШС-ң бұзылмайтын бақылау зертханасы (ББЗ) / сынақ зертханасы / Атырау қ.;
11) «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ Қолданбалы биотехнология Ғылыми - зерттеу институтының сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
12) «Өзенмұнайгаз» АҚ-ң Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының салыстырып тексеру зертханасы, Жаңаөзен қ.;
13) «Казцинк» ЖШС Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің салыстырып тексеру зертханасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Серебрянск қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «AVTO EXPERT» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
2) «Қазақстан Өнеркәсіпке жәрдемдесу институты» ЖШС-ң Сынақ / мобильді зертханасы, Қарағанды қ.;
3) «СейсмоСтройЗащита» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Евротехсервис К» ЖШС зертханалық-талдау орталығының сынақ зертханасына, Қарағанды қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.