«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «НПО «ТАУ» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1995 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 29 желтоқсаннан 2023 жылғы 29 наурызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.