Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2022 жылғы желтоқсан айының 29 күнгі № 20-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ., «Құрылыс Сапа» ЖШС-ң сынақ зертханасы 2021 жылдың 17 мамырында берілген № KZ.T.16.E0199 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының бұзылмайтын бақылау сынақтар бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.