Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 29 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 788 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес МБ-Лаб ЖШС-ң клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы, Ақтау қ. аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес, «SSDC» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы Астана қ. аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1: 2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес, «Capital managment» ЖШС-ң менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Астана қ. аккредиттелсін.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «PromEcoLab» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
2) «ALLTENDERS.KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «BioEtica» ЖШС-ң сынақ орталығы, Шымкент қ.;
4) «Технокран» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
5) «Биомедпрепарат» ғылыми-талдау орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Степногорск қ.;
6) «Зертхана орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Тараз қ.;
7) «Тараз-көлік жолы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Тараз қ.;
8) «ЭНЭКО» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
9) «Nomad Eco» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
10) «Құлсарығаз» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Күлсары қ.;
11) «Ламега» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.
12) Қазақстан Республикасы Индустрия инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының «Қазмеханобр» өнеркәсіптік экологияның мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігі, сынақ зертханасы Алматы қ.;
5. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Айгерим» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
2) «S&T-STANDART» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы.
6. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығына, Шымкент қ.;
2) Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасына, Астана қ.
7. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «QHSE-Akbarys» ЖШС-ң калбирлеу зертханасына, Орал қ.;
2) «KazEcoProf» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органға, Астана қ.
3) «M-Company KZ» ЖШС-ң менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органға, Астана қ.
8. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Өскемен қаласы «Біріккен энергосервистік Компания» АҚ-ң метрология басқармасының салыстырып тексеру зертханасына, Өскемен қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.