Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 10 күнгі
№ 71 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі кәсіпорындар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде келесі ұйымдар:
«ЛНК-Сервис» ЖШС-ң жылжымалы бұзбай бақылау зертханасы,
Қызылорда қ.;
"Qaz TL" ЖШС-ң СЗ, Астана қ.;
Өзбекстан Республикасының, Қарақалпақстан Республикасы, Нукус қ. «Қарақалпақстан сынау және сертификаттау орталығы» ММ-ң физикалық және химиялық сынақтар бойынша сынақ зертханалар кешені СЗ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының метрология бөлімінің (орталығы) СТЗ, Атырау қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Тұрғылықты мекен жайының өзгертілуіне байланысты «Комплексный испытательный центр» ЖШС-ң СЗ, Орал қ.
2.2 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты "Жана Консалтинг ЛТД" ЖШС-ң СЗ, Орал қ.;
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.