Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 14 күнгі № 73 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде «Алматинское Бюро по Сертификации» ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.;
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде «Турбулентность» ЖШС-ң СТЗ, Ақтобе қ.;
1.3 калибрлеу зертханасы (әрі қарай - КЗ) ретінде «Узеньпромгеофизика» АҚ-ң КЗ, Жаңаозен қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Лидер-Консалтинг-Групп» ЖШС-ң СЗ, Ақтобе қ.;
«Nomad Eco» ЖШС-ң СЗ, Астана қ.;
ҚР АШМ-ң ВБжҚК-ң «Республикалық ветеринарлық зертханасы» ШЖҚ РМК-ң Қостанай облыстық филиалының СЗ (Жетіқара аудандық зертханасы), Жетіқара қ.;
«АБ Транссервис LTD» ЖШС-ң СТЗ, Астана қ.
2.2 аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
«Ескерткыш Кызмет Казахстан» ЖШС-ң СТЗ, Атырау қ.
2.3 тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
«Центр экспертной оценки условий труда» ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.;
«Мега Стандарт» ЖШС-ң СТЗ, Семей қ.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.