Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 14 күнгі №73 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., ««Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділік параметрлері бойынша сынақ зертханасының 2016 жылдың ақпан айының 08 күні берілген № KZ.Т.02.1701 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.