Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 14 күнгі №73 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., ««Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың қараша айының 23 күні берілген № KZ.Р.02.1671 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.