Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына және 2018 жылдың желтоқсан айының 26 күнгі №75 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қостанай облысы, Рудный қ., Өнеркәсіптік аймақ, Фабричный кешені «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ салыстырып тексеру зертханасының 2017 жылдың шілде айының 19 күні берілген № KZ.Р.11.0144 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.