Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 24 күнгі №75 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Өнімдер сапасын тексеру орталығы» ЖШС-ң 2014 жылдың шілде айының 28 күні берілген № KZ.П.02.0445 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының сұйықтар мен газдардың ағымы мен мөлшерін өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.