Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2018 жылғы тамыз айының 10 күнгі №38 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., "ALTA Telecom" ("АЛТА Телеком") салыстырып тексеру зертханасы 2017 жылдың қазан айының 05 күні берілген № KZ.Р.02.1941 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.