Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, және аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2018 жылғы тамыз айының 17 күнгі №39 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар қ., «Иртыш-Стандарт» ЖШС сараптау және сертификаттау ғылыми-тәжірибелік орталығының сәйкестікті растау жөніндегі органының 2014 жылғы қазан айының 20 күні берілген № KZ.О.14.0496 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының металл өнімдері және қоғамдық тамақтандыру қызметінің сәйкестігін растау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісін және уәкілетті органды хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.