Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2018 жылғы тамыз айының 28 күнгі № 40 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде:
«Текелейский энергокомплекс» ЖШС-ң СЗ, Текели қ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде:
«Батыс Су Арнасы» ЖШС-ң СТЗ, Орал қ.;
«Ақыл-ойы және дене бітімі дамуының бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту орталығы» ЖШС-ң СТЗ, Алматы қ.;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне және зертхана атауы мен ұйымның мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомөнеркәсіп» ЖШС жылу электр станциясының химиялық сынақ зертханасы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ, №248 а/ж атауы мен мекенжайы «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭС химиялық зертханасы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7 өндірістік аймағы, ғимарат 65.
2.2 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техниклық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалының СТЗ, Ақтөбе қ.
«Риддер ТЭЦ» АҚ СТЗ, Риддер қ.
2.3 аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
«Казахцемент» ЖШС –ң СЗ, ШҚО;
«Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС-ң СО, Астана қ.
2.4 Тұрғылықты мекенжайының өзгеруіне байланысты:
«ИСПЫТАТЕЛЬ ДСМ» ЖШС-ң СЗ, Өскемен қ..
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.