Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және 2018 жылғы тамыз айының 28 күнгі № 41 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қостанай қ., «ТЕХНИКА 2005» ЖШС –нің сынақ зертханасының (2017 жылдың қазан айының 27 күні берілген № KZ.Т.11.1954) аккредиттеу саласының «АТС» бөлігі қайта жаңғыртылсын .
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін және берілсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.