Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және 2018 жылғы қыркүйек айының 04 күнгі № 43 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Ақтау қ. «KazCertInternational» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы (2017 жылдың қаңтар айының 23 күні берілген № KZ.K.13.1841) аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын .
2.Ақтау қ. «KazCertInternational» ЖШС-ң калибрлеу зертханасының тұрғылықты мекенжайының өзгеруіне байланысты кредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін және берілсін.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.