«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2018 жылғы 06 желтоқсаннан 2019 жылғы 06 наурызға дейін ұзартылсын:
Түркістан қаласының, «Яссы-Құрылыс» ЖШС» ЖШС сынақ зертханасы (2013 жылғы 06 желтоқсанның № KZ.И.16.1447 аккредиттеу аттестаты);
Алматы қаласының, «R.S. PROJECT ENGINEERING» ЖШС сынақ зертханасы (2013 жылғы 06 желтоқсанның № КZ.T.02.1448 аккредиттеу аттестаты);
Алматы қаласының, «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС сынақ зертханасы (2013 жылғы 06 желтоқсанның № КZ.И.02.1449 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың Бірінші орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.