«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2018 жылғы 19 желтоқсаннан 2019 жылғы 19 наурызға дейін ұзартылсын:
Атырау қаласының, «ПромТехКонтроль» ЖШС бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы (2013 жылғы 19 желтоқсанның № КZ.И.06.1452 аккредиттеу аттестаты);
Павлодар қаласының, «Павлодар-Водоканал» ЖШС су және жер қыртысын зерттейтін орталық зертханасы (2013 жылғы 19 желтоқсанның № KZ.И.14.0225 аккредиттеу аттестаты);
Тараз қаласының, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының сынақ орталығы (2013 жылғы 19 желтоқсанның № KZ.И.08.0201 аккредиттеу аттестаты);
Алматы қаласының, «Ecology Expert (Эколоджи Эксперт)» ЖШС аналитикалық зертханасы (2013 жылғы 19 желтоқсанның № KZ.И.02.0254 аккредиттеу аттестаты);
Өскемен қаласының, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ сынақ орталығы (2013 жылғы 19 желтоқсанның № KZ.И.07.0256 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың Бірінші орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.