«Аккредиттеу жөніндегі органға, сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттеуші органға қойылатын талаптар» ISO/IEC 17011-2017 стандартына өту және аккредиттеу туралы шешім қабылдау жауапкершілігін арттыру мақсатында «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына және 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Аккредиттеу әрекеттерін беру, қолдау, кеңейту, қысқарту, тоқтата тұру немесе жою туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөнінде комиссия мына құрамда құрылсын:
1) бағалау жүргізетін аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторға акрредиттеуге өтініш беруші/аккредиттеу субъектісін аккредиттеу/аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс беруге өкілеттік берілсін;
2) қызметтің тисті бағыты бойынша біліктілігі бар бөлім басшыларына аккредиттеу талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылдау өкілдігі берілсін.
Бөлім басшысы болмаған кезде аккредиттеу талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылдау осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктелсін:
3) құқықтық жұмыс бөлімінің басшысына сәйкестігін бағалау қызметін жүзеге асыру үшін заңдық құжаттарының (жарғы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және т.б.) сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы қорытынды беруге өкілеттік берілсін;
4) бас директордың орынбасарына адекваттығын бағалау бойынша ақпаратты аккредиттеу жөніндегі жұмыс тобы немесе сарапшы-аудитор ұсынуы негізінде аккредиттеу талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылдау өкілдігі берілсін.
2. Сапа жөніндегі басшылық өкілі «Аккредиттеу жөніндегі органға, сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттеуші органға қойылатын талаптар» ISO/IEC 17011-2017 талаптарына сәйкес менеджент жүйесі құжаттарын өзектеніруді қамтамасыз етсін.
3. Орналасқан орнын тексеру жөніндегі жұмыс тобына орналасқан орны бойынша тексеру жөніндегі есепті жасағаннан кейін материалдарды тапсыруға екі айдан аспайтын мерзім белгіленсін.
4. «Аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі тұрақты комиссия құру туралы» 2017 жылғы 02 ақпандағы №17-93 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 тамыздан күшіне енеді.