«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 15.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 13 тамыздан 2019 жылғы 13 қарашаға дейін ұзартылсын:
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы (2014 жылдың 13 тамызындағы № KZ.T.11.0532 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 13 тамызындағы № KZ.P.05.0401 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Бурабай курорты сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 13 тамызындағы № KZ.P.03.0411 аккредиттеу аттестаты);
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.