«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 15.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 15 қыркүйектен 2019 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
- «Бірлескен кәсіпорын күкірт қышқыл зауыты Казатомөнеркәсіп» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 15 қыркүйектегі № KZ.И.03.1537 аккредиттеу аттестаты);
- «СЖС Қазақстан ЛТД» Шетелдік кәсіпорыны ЖШС сынақ зертханасы, Қостанай қаласы (2014 жылдың 15 қыркүйектегі № KZ.И.11.0449 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ақтобе қаласы (2014 жылдың 15 қыркүйектегі № KZ.T.05.0068 аккредиттеу аттестаты);
- «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС аналитикалық орталығы (2014 жылдың 15 қыркүйектегі № KZ.T.03.1538 аккредиттеу аттестаты);
- «Водочет» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Лисаков қаласы (2014 жылдың 15 қыркүйектегі № KZ.P.11.0570 аккредиттеу аттестаты);
- «Integra Construction KZ» ЖШС жол-құрылыс жылжымалы зертханасы (2014 жылдың 15 қыркүйектегі № KZ.T.01.1535 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.