«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 15.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 19 тамыздан 2019 жылғы 19 қарашаға дейін ұзартылсын:
- «КазСертик-А» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы
(2014 жылдың 19 тамызындағы № КZ.И.02.1527 аккредиттеу аттестаты);
- «Стадия» ЖШС сынақ зертханасы, Петропавл қаласы
(2014 жылдың 19 тамызындағы № KZ.И.15.0545 аккредиттеу аттестаты);
- «Атыраугидрогеология» ЖШС химиялық зертханасы (2014 жылдың 19 тамызындағы № KZ.И.06.0555 аккредиттеу аттестаты);
- «Проектно-изыскательский институт «Каздорпроект» ЖШС жол-құрылыс зертханасы (2014 жылдың 19 тамызындағы № KZ.T.01.0464 аккредиттеу аттестаты);
- «СКД- 7» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қаласы (2014 жылдың 19 тамызындағы № KZ.P.02.1528 аккредиттеу аттестаты);
- «ТелСет» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қаласы (2014 жылдың 19 тамызындағы
№ KZ.Q.02.0484 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.