«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 26 желтоқсаннан 2020 жылғы 26 наурызға дейін ұзартылсын:
- «Қазэкология» Республикалық ғылыми-өндірістік және ақпарат орталығы» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 26 желтоқсандағы
№ KZ.T.02.0640 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ сынақ зертханасы (2014 жылдың 26 желтоқсандағы № KZ.T.02.0272 аккредиттеу аттестаты);
- «Азиатская эколого-аудиторская компания» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 26 желтоқсандағы № KZ.T.07.1563 аккредиттеу аттестаты);
- «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖТАҚ Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың
26 желтоқсандағы № KZ.П.09.1564 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Семей электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 26 желтоқсандағы № KZ.P.17.0345 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.