«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 15.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 27 тамыздан 2019 жылғы 27 қарашаға дейін ұзартылсын:
- «Геоэкосервис» ЖШС гидрогеология бөлімінің атмосфералық ауа мен эмиссиялар сапасын бақылайтын сынақ зертханасы, Атырау қаласы (2014 жылдың 27 тамызындағы № KZ.И.06.0419 аккредиттеу аттестаты);
- Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Горводоканал» МКК канализациялық тазартқыш құрылыстарының химиялық зертханасы (2014 жылдың 27 тамызындағы № KZ.T.14.0415 аккредиттеу аттестаты);
- Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Горводоканал» МКК суқұбырлық құрылысты тазартқыш химиялық зертханасы (2014 жылдың 27 тамызындағы № KZ.T.14.0416 аккредиттеу аттестаты);
- «КРАНЭНЕРГО ЛТД» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Алматы қаласы (2014 жылдың 27 тамызындағы № KZ.О.02.0410 аккредиттеу аттестаты);
- «КазСертик-А» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Алматы қаласы (2014 жылдың 27 тамызындағы № КZ.О.02.0985 аккредиттеу аттестаты);
- «ТДА СЕРВИС» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Алматы қаласы (2014 жылдың 27 тамызындағы № КZ.О.02.0986 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.