«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 28 қазаннан 2020 жылғы 28 қантарға дейін ұзартылсын:
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының құрылыс, өнеркәсіптік, радиоэлектронды және тұрмыстық өнімдерінің сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.И.02.0498 аккредиттеу аттестаты);
- «ТумарМед» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.И.02.1548 аккредиттеу аттестаты);
- «Тексеру» өнімді сертификаттау жөніндегі фирмасы» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.И.02.0543 аккредиттеу аттестаты);
- «Уголь» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.T.10.0560 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының химико-аналитикалық зерттеу бөлімі (зертханасы) (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.И.02.0466 аккредиттеу аттестаты);
- «ЭКАС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.П.10.1552 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.P.05.0412 аккредиттеу аттестаты);
- «Электроремонтно-наладочное управление» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қаласы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.P.16.0529 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының бақылау салыстырып тексеру пункті (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.P.12.0490 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Жол диагностикалық орталығы» филиалының Ақтөбе салыстырып тексеру пункті (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.P.05.0517 аккредиттеу аттестаты);
- «Ел-Стандарт» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Шымкент қаласы (2014 жылдың 28 қазандағы № KZ.О.16.0563 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.