«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 15.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 5 қыркүйектен 2019 жылғы 5 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылайтын кешенді зертханасы (2014 жылдың 5 қыркүйектегі
№ KZ.И.10.0436 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Орал сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 5 қыркүйектегі № KZ.P.09.0402 аккредиттеу аттестаты);
- «ПРОМСАНИТАРИЯ-ПВ» ЖШС өнеркәсіптік-санитарлық зертханасы (2014 жылдың 5 қыркүйектегі № KZ.T.14.0512 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.