«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 8 желтоқсаннан 2020 жылғы 8 наурызға дейін ұзартылсын:
- «Институт Казгипроводхоз» өндірістік кооперативінің сынақ зертханасы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.И.02.1556 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.T.09.0592 аккредиттеу аттестаты);
- «Актюбинская медная компания» ШЖС сынақ зертханасы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.T.05.0531 аккредиттеу аттестаты);
- «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ШЖС сынақ зертханасы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.T.16.0572 аккредиттеу аттестаты);
- «Центр экспертизы и сертификации подъемно-транспортного оборудования» ШЖС сынақ зертханасы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.T.02.0573 аккредиттеу аттестаты);
- «ERG Service» АҚ техникалық бақылау бөлімі және сынақ зертханасы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.T.14.0452 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «906-шы өлшеу техникасы базасы» РММ салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың
8 желтоқсандағы № KZ.П.02.0636 аккредиттеу аттестаты);
-«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру бақылау пункті (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.P.16.0587 аккредиттеу аттестаты);
- «Центр экспертизы и сертификации подъемно-транспортного оборудования» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.О.02.0565 аккредиттеу аттестаты);
- «Сертификационный Центр «Тарту-Стандарт» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы
№ KZ.О.10.0564 аккредиттеу аттестаты);
- «Уголь» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № КZ.О.10.0562 аккредиттеу аттестаты);
- «GIO TRADE» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 8 желтоқсандағы № KZ.О.10.0495 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.