«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 6 желтоқсаннан 2022 жылғы 6 наурызға дейін ұзартылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Балқаш қаласындағы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылау кешенді зертханасының № KZ.T.10.1222 аккредиттеу аттестаты;
Екібастұз қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.0162 аккредиттеу аттестаты.
2. Аматы қ., «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.0156 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 6 желтоқсаннан бастап 2022 жылдғы 21 қаңтарға дейін ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.