Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 26 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 12-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., Ақтөбе қ., Астана қ. «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының - теміржол көлігіндегі Магистральдық желі, центравтоматика, телемеханика және байланыс Ақмола бөлімшесінің салыстырып тексеру зертханасының 19.12.2019 жылы берілген
№ KZ.P.01.0432 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын Ақтөбе қаласы бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары А.А. Акимовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.