«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 11 мамырдағы № KZ.P.07.0655 аккредиттеу аттестаты 2023 жылдың 02 қарашаға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.